Сарбаздар мемлекеттік марапатқа ұсынылмақ. Марқұмдардың отбасына Президенттің жеделхаты жетті

828
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OGPGIRyFkomSvrrjHwO5Qv2qyCeuckkDPBBEsCHa.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып,  атаулы жеделхаттар жолдады, деп хабарлайды "Адырна".

Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.

Президент жеделхатында марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатыны айтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны айрықша атап өтілді.

 

Пікірлер