Ливияда ресейлік әскери кемеде жарылыс болды

242
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nuYMBC3i6g1u6ctptQlIDZzMm3AvNBYB5zNC5x8f.jpg

22 қарашаға қараған түні Ливияның Бенгази портында Ресей әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Меркурий» корветінде жарылыс болды. Бұл туралы Naval News жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Ресейдің әскери кемесі жойылған болуы мүмкін. Алайда оның суға батып кеткені немесе толығымен өртеніп кеткені әзірге белгісіз.

Бенгази портындағы Ресей кемесінде жарылыс болғанын Ливияның елдің шығыс бөлігін бақылауда ұстап отырған күштік құрылымдары да растады. Олардың айтуынша, оқиғаға дрон шабуылы себеп болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр.

Медицина қызметкерлері журналистерге қаза тапқандар жоқ екенін, алайда зардап шеккендер бар екенін хабарлаған. Олардың нақты саны мен азаматтығы әзірге анықталған жоқ.

Жергілікті биліктің мәліметінше, зақымданған кеме Ресейге бағыт алған жолында жанармай құю және қажетті қорын толықтыру үшін Бенгази портына тоқтаған. Naval News басылымы «Меркурий» корветінің портта бірнеше күн болғанын жазды.

Ресей билігі әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Шабуылға жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Пікірлер