Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен осы елдің президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен барады, деп хабаплайды “Адырна” ұлттық порталы
Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері Қазақстанның білім беру саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалардың тиімділігін дәлелдеді