Үш Татьяна - Мартыненко, Бурмистрова, Полтавская - өмір бойы қазақ тілінде тамылжыта ән шырқаған аяулы жандар.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдары үш өнерпаздың есімі Кеңестер Одағына өте танымал болды. Олар Қазақ әнін әуелетіп, домбырада шебер ойнады.
Қазіргі уақытта Татьяна Бурмистрова – қазақ өнерін дәріптейтін ұлттық орталықтың жетекшісі, Татьяна Полтавская Ресейде музыка саласының ұстазы. Татьяна Мартыненко болса қазақтың келіні, үш баланың анасы.
Халық арасында Үш Татьянаға қатысты “Орыстар қазақ үшін туған қыздар” деген жылы пікір қалыптасқан.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Бізді тонап, жерімізді сатып жатыр": Албания халқы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде