Ресей КХДР-ден киім-кешек пен аяқ киім жеткізуге мұқтаж. Алайда, екі елдің арасындағы қоян-қолтық серіктестік БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен бекітілуі тиіс. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "РИА «Новости" порталына сілтеме көрсете отырып хабарлайды.
Ресей дипломаттарының айтуынша, Ресей КХДР-ден тауар жеткізіп, киім-кешек тасуға мүдделі. Бұл жайлы басылымда:
Ресей елшісі Cолтүстік Кореяда өткен "Әйел киімі - 2022" көрмесіне барып, ағынан жарылды. Ол кәрістердің жоғары сапалы әрі заманауи киім шығарып, тұтынушының көңіл пернесін дөп басатынын айтты. Кәрістердің шығарған өнімдерін алуға қолқа салды.
- Ресейдің шикізат ұсынуының арқасында Солтүстік Кореядағы ондаған кәсіпорын жұмысы жанданды. Жеңіл өндіріс бағытында жылына 300 миллион рублге жететін өнім жеткізілді", - деп жазды.
Дегенмен Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі солтүстік кәрістердің экономикасын біршама "тұсаулаған". Соған байланысты кәрістер бірқатар тауарларын шетелге шығара алмай отыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар