Қырымдағы Ялта жағалауына келген қонақтардың көңілін сергітпек болып ұйымдастырушы украинша ән қойған. Ән қойғаны сол, би кешін ұйымдастырушының басы бәлеге қалды. Оны басқыншылар украин тіліндегі ән қойғаны үшін ботадай боздатып, көпшіліктен кешірім сұратқан. Бұл жайлы Ресейдің тәуелсіз "sotavisiontv" порталына сілтеме көрсете отырып "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Камера алдында ботадай боздаған әйелдің:
"Мен Ресейдің мүдделесімін. Барлығыңызды жақсы көремін. Құдай үшін, мені кешіріңіздерші", - деген дауысын естуге болады. Оның бар кінәсі - келген қонақтардың көңілін сергіту үшін украин әнін қойғандығы болып отыр.Ұйымдастырушы өзінің қандай да бір алабөтен ойының болмағанын, бар болғаны қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлағысы келгенін айтып, ағынан жарылды.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Ресей аспанын белгісіз әскери ұшақтар торыды" - Шұғыл түрде Санкт-Петербордың әуе кеңістігі жабылды
Армения Ресейге ашық қарсылық көрсете бастады. Әйелін басшы етіп Украинаға гуманитарлық көмек жеткізетін делегация аттандырды.