Алматы облысында жүргізші белгіленбеген жерден өткен 5 оқушыны қағып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаз шыққаннан қара суық түскенше пойызға билет жоқ. Индрайвер таксидің кесірінен онсыз да аз қазақ бейбіт күнде қырылып бітетін болдық.
