Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты екі құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін түбегейлі қайта жүктеу жүзеге асырылады- Тоқаев