Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров алтын медальға қол жеткізді. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші алтын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстан спортшылары каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.
Жапониялық және ирандық ескекшілер екінші және үшінші орынға табан тіреді.
Ұқсас жаңалықтар
“Тіпті ядролық қару да екеуге — біреу”. Президент Тоқаев ЕАЭО-ның негізгі қағидаттарын да еске салды