Жәнібек Әлімханұлы ертең болатын жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

3665
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-14-at-11.45.58.jpeg

Қазақстандық, спортшы, кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертең германиялық Винченцо Гуальтиеримен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі - 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер