Шетел азаматтары көз жұмған. Ақтөбе облысында жол апаты орын алды

3325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/1747ff36-f459-4e53-9a7b-014082fb7f54-960x500.jpeg?token=7d58b06f4046da2e57736f7050169e03
Ақтөбе облысында жол апаты орын алып,  салдарынан шетелдік азаматтар көз жұмды. Бұл туралы Полиция қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, кеше Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 2 жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ екі көліктің 2 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – делінген хабарламада.
Пікірлер