Бас прокуратура Астанадағы мектептерді тексеруге кірісті

3416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-21-at-11.21.40-960x500.jpeg?token=6af6e1d9ef040b8730c6db95ae6589fe
Бас прокуратура Астанадағы мектептерді тексеруге кірісті. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды. Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру мекемелерінің қызметкерлері. Айта кетейік, қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар. Еске салсақ, Астанадағы мектептердің бірінде 62 жастағы күзетші оқушы қызды зорламақ болғанын хабарладық.
Пікірлер