Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшыларын тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен: "Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды". Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды", - делінген сейсенбідегі хабарламада.Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Мереке Матимұлы Көшекбаев "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Қ. Тоқаев Ассамблеяның кезекті сессиясында мемлекеттік тілді білуді азаматтық жауапкершілік деп көрсетті. Осылайша ұлт ұғымы азаматтық мазмұн иеленді.