Қостанайда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы “Наш Костанай” басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«30 қараша күні сағат 12:50-де Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады. Салонда 49 жастағы кран машинисі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция департаменті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кранның құлау себебі анықталуда. “Наша газетаның” хабарлауынша, көрші үй тұрғынының көлігі зақымданған.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды
