Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімінің күші жойылды. Бұл туралы қалалық №2 сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімі шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі тұрғысындағы сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды. Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2023 жылғы 10 мамырда заңсыз деп танылып, қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күші жойылды. Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді»,- делінген сот хабарламасында.Еске салайық, 2020 жылғы мамырда Болат Бақауовқа лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді.
Ұқсас жаңалықтар
The New York Times Пентагонды сотқа берді. Басылым жаңа ережелерді баспасөз еркіндігін бұзу деп санайды
"Мемлекет басшысы 70-ке толып жатыр!" Прокурорға шүйліккен бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта ашуға мініп, айғайға басты
