Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

3632
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/e5a904ac-51bb-470f-8332-aeeec5c311ea.jpeg
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жарыстың 2-ракеткасы Г.Ломакин мен украиналық Вадим Урсу финалда италиялықтар Филиберто Фумагалли – Сэмюэль Винсент-Ругиеримен бас жүлдені сарапқа салды. Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.  
Пікірлер