Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмекке Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріне алғыс білдіріп, шығарып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, көрші елден 8 бірлік техника мен 42 жеке құрам көлеміндегі күштер мен құралдар келген болатын.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері ескі Қордай асуында 16 адамды, 2 жүк көлігі мен 3 жолаушылар көлігін құтқарыды.
Жамбыл облысының Қордай ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген қырғыз құтқарушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза қала – дені сау қоғам» акциясы өткізілді
