“Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған”. ҰҚК Алматыда заңсыз қару қоймасын тапты

4275
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/ec77787d-7a5f-4d4c-998e-9a165a92f658.jpeg

Алматыда қару-жарақтың толық арсеналы сақталған қойма табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қару-жарақ қоймасы 24 қаңтарда табылды. “Калашников автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, - деп хабарлады ҰҚК. Мәлімет бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер