2 ақпан күні Бішкекте жылу электр орталығында апат болды. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, бірнеше аудан ыстық су мен жылусыз қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Көпқабатты тұрғын үйлердің 66 пайызында, яғни 2493 үйде жылу жоқ. Ал 400-ден астам пәтерде ыстық су өшкен»,—деді Бішкек қаласының вице-мэрі Жырғалбек Шамырәлиев.
Сондай-ақ қалада мектептердің барлығы уақытша жабылып, онлайн режимге көшті.
Айта кетейік, жарылыстың қалай болғаны әзірге белгісіз. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс спикері синтетикалық есірткіге қарсы күресте ҰҚШҰ аясында ортақ құқықтық кеңесті құруды ұсынды