Жаңа жыл қарсаңында. Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарналарда өнер көрсетті

3412
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-11-at-08.51.08.jpeg
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңа жыл мерекесінде ән айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі dimashnews.com-ға сілтеп. 2024 жылдың 8 ақпанында жерлесіміз Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда бірнеше әнді орындап, Қытай телеарналарында өнер көрсетті. CCTV-3 арнасының мерекелік бағдарламасында Димаш 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертіне арналған қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты шығармаларымен көпшілікті тәнті етті. Ал 2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream», яғни,«Мыңдаған шақырымға бір арман» атты әнді шырқады.
Әнші Тайваньдық өнерпаз Ричи Ренмен бірге «Flowers Bloom in Spring» композициясын да керемет  орындап шықты. Еске сала кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылдық кеште Димаш Құдайберген ҚР Әнұранын Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындап шықты.
Пікірлер