Украина соғысына 2 жыл толар қарсаңда. Қазақстан басшысы Ресейге сапарлайды

3126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/8a8062be-2bff-488a-9262-c4c63df671d0-960x500.jpeg?token=5452a22143d12ad174e79d052dd354a2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, 24 ақпанда Ресейдің Украинадағы соғысына 2 жыл толады.
Пікірлер