Алматыда "Береке" базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласында "Береке" сауда базары аумағында тұтыну тауарлары бар 2 сауда бутиктерінде өрт орын алды. Өрт сағат 06.15-те оқшауланып, сағат 06.18-де сөндірілді. Ауданы - 50 ш.м. Өрттің шығу себебі анықталуда.Ұқсас жаңалықтар
"Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырған". Әскерде екі жыл бұрын көз жұмған сарбазға қатысты жаңа дерек шықты
"Мұрны қанап, аяғын әрең басты": Алматыда дене шынықтыру сабағында 9 жастағы оқушысы бас жарақатын алды
