Жазықсыз адамдар. Байден Газадағы қақтығысты сынға алды

2662
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/owl_detail_240_6ba658ba155dd81de52474292f1a1683-960x500.jpg?token=155cbc440d30a1e8473a1fda32afb0b0
АҚШ президенті Джо Байден Газа секторында қайтыс болғандар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп. 9 наурызда АҚШ басшысы жергілікті MSNBC телеарнасына сұхбат берді. Ол өз сөзінде Израильдің Газа секторындағы жазықсыз адамдардың өліміне әкелген әрекетін қателік деп санайтынын айтты.
"Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елін қорғауға құқылы, бірақ Израиль мемлекетінің Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы соғысы кезінде жазықсыз адамдардың өмірін қорғау үшін көбірек әрекет етуі керек", - деді Байден.
Ол өз сөзінде атысты тоқтатуға шақырды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газа секторында қазірдің өзінде 30 мыңға жуық адам қаза тапқан.
Пікірлер