Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасына лицензия алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Турнирге қатысқан 11 спортшының бесеуі лицензия иеленді.
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу турнирінде 11 боксшымыз өнер көрсетті. Ел намысын қорғаған боксшылардың ішінде бесеуі Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алған.
Ерлер құрамасындағы былғары қолғап шеберлері арасында Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай ширек финалда қарсыластарын жеңіп, Олимпада лицензиясын иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
“Берген аяқ киімдері жыртылып қалды”. Спортшы Азия ойындарындағы Қазақстан формасының сапасыздығын айтты
