15 жастағы Ислам Халилов Мәскеудегі теракт кезінде жүздеген адамды құтқарып қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, Исламның ұлты – қырғыз. Бірақ Ресейде дүниеге келген. Ал ата-анасы Қырғызстаннан келген. 15 жастағы оқушы "Крокус" концерттік залының киім ілетін жерінде жұмыс істеген. Ал теракт кезінде жүзден астам адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
"Бірінші қабатта айқай-шу естілгенде қызметкерлер эскалатор сынып қалды деп ойлап қалды. Бірақ артынан адамдар жүгіріп шығып, айқайлай бастады. Мен жай тұра берсем, бәріміз опат боламыз деп ойладым. Басында сәл қорқыныш болды. Халықтың ортасына кіріп кеткенде террористер граната лақтырады немесе оқ атуы мүмкін деген ой да келді. Дегенмен есікті ашып үлгердім, сол арқылы бәріміз шығып кеттік", - дейді Ислам.
Атыс басталғанда Ислам бірден жүздеген адамды далаға алып шыққан. Өйткені, ол концерттік ғимараттың барлық кіретін және шығатын есіктерін біледі.
Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуде митинг болды: наразылық білдірушілерді ұрып-соғып, күріш вагондарына тиеген
Мәскеуге дрондар шабуылдады, екі тұрғын жарақаттанды. "Мазасы кеткен Мәскеуге" қатысты тағы қандай деректер мәлім?
Радикалдар балабақша мен мектептегі балаларымыздың да миын улауға мықтап кіріскен. Депутаттар дін жайын сөз етті