Петропавлда қалаға кіре берістегі Пестрое көлінің жағалауын су басып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Жол бойындағы су тұрғын үйлер мен коттедждерге қарай жылдам ағып, тұрғындарды эвакуациялау басталған.
«Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, сондай-ақ жолдың арғы бетінен асып кету салдарынан Пестрое көлінің маңында орналасқан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басу қаупі бар», - деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Мұндай жағдай қала тарихында бірінші рет болып отырғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Орыстар Елцин тұсында қалаларының атын ауыстырды, сонда біздікілер неғып Павлодар мен Петропавлды ауыстырмады екен?
