«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Ұқсас жаңалықтар
"Бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды". Президент қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
