Солтүстік Қазақстанда аудан әкімінің орынбасары пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыста аудандағы әкімнің орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Себебі лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы ерекше қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген.
Қазір тергеу жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектікке шығудың құны қанша? Пара бермесең, балаңды комиссия «сау» деп тауып, жәрдемақыдан айырады...