ШЫҰ саммиті қарсаңында Астанада отшашу атылады

2685
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/bc7b7474-0dd9-4bb7-b0c0-a1d16feb86a5-960x500.jpeg?token=13092663f9922f5a9747127b89d653ba
Елорда күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында Астанада 3 шілде күні ботаникалық бақта отшашулар атылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Отшашу шамамен 22:00 мен 22:30 арасында атылады. Фейерверк жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылып отыр. Қауіпсіздік шаралары үшін алдын ала, 3 шілде, сағат 19:00-де дайындық болады. Ботаникалық бақтың аумағы жартылай жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.  Отшашуды жақын маңдағы аудандардан, соның ішінде Ұлытау саябағы аумағынан тамашалауға болады. Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді.  Концерт соңында ұшқышсыз жарық шоуы жоспарланып отыр. Дрон көмегімен ұйымтастырылатын шоу шамамен уақыты сағат 22:15-22:30-де болады.
Пікірлер