Президент Тоқаев Трамптың өміріне жасалған қастандықты айыптады

3635
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/toқaev-shyұ-960x500.jpg?token=46d5d72797d1eac36c4228a97de6eb9f
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президентіне жасалған қастандыққа пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. Ақорданың мәліметінше, Президент Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптаған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне жасалған қастандықты қатаң айыптап, оның тезірек сауығып кетуін тіледі», - делінген хабарламада. Айта кетейік, президенттікке үміткер Дональд Трамп Пенсильванияда сайлау науқаны кезінде сөз сөйлеген. Жиын барысында оқ атылып, кандидаттың оң құлағын жарақаттады. Оқиға туралы деректер 14 шілде күні тарай бастады. АҚШ-та кезекті президент сайлауы қараша айында өтеді.
Пікірлер