Теміртауда бір топ әскери қызметкерлер жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5516 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметкері сырқаттанып қалған. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, олардың 31-і жедел ішек инфекциясы және бес әскери қызметкер жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың жағдайы қанағаттанарлық, жаңа шағымдар тіркелген жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Құдайым-ау, неткен сәбеттік ностальгия бұл?! Ғылым академиясы қайтып тірілсе, Жазушылар одағына дені дұрыс басшы сайланса, қазақтар ғылым мен әдебиет салаларында Нобель сыйлығын қырып алады екен ғой.))