11 қазан күні Алматы облысында атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Оқиға Алматы облысы, Тұздыбастау ауылындағы дәмхана алдында орына алды.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы полицияға жеткізілді» - делінген облыстық полиция департаменті мәлімдемесінде.
Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ, оқиғаның мән-жайы әлі де анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
"Заң шығуы үшін министрдің баласы зорлануы керек пе?" Алматы облысында 9 жасар қыз зорланғаны айтылды
