Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шерзат Болаттың туыстары уақытша баспанадан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әкім Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізді.
"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Марат Сұлтанғазиев.Облыс әкімі жауаптыларға өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.
"Сонымен қатар отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – деп атап өтті әкім.Әкімдіктің мәліметінше, зардап шегушілердің ата-анасының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартқан.
Ұқсас жаңалықтар
PepsiCo, Mars Marriott, Hilton сынды алпауыт компаниялар бой көтереді: Алматы облысы инвесторлар назарында
"Мектеп жөндеуге бөлінген қаржыны жоқ қылғандар қашып, дәретханаға тығылып жүр" - журналист Мадина Оқас
