Экскаватор мопед мінген жасөспірімді басып кетті

2634
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/izobrazhenie_2023-11-08_092808799-960x500.png?token=45fea85ea0cc12a89b4d24f49588270f
Алматыда экскаватор мопед жүргізушісін қағып өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 16 жастағы жасөспірім жарақат салдарынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды Алматының полиция департаменті растады. Адам өліміне әкелген жол апаты 24 қазан күні сағат 08:10-да Алатау ауданында болған.
“Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы мопед айдаған жасөспірім қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан мопед аударылып қалды. Ал оның жол жиегіне құлаған 16 жастағы жолаушысын экскаватор басып кетті”, – деп мәлімдеді полиция.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 14 адам қаза тапқан.
Пікірлер