Алматыда “Москва” сауда ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Өрт дабылы жарияланған соң сауда орталығы ғимаратынан барлық адамдар эвакуацияланған. Желідегі ақпаратқа сәйкес, эвакуация бір ғана өткел арқылы жүзеге асырылған.
Оқиға орнынан келген куәгерлердің айтуынша, дабыл қағылған соң ғана келушілердің барлығы ғимараттан шығатын жерге қарай жүгірген. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Күш-жігер, мықты мінез және саналы таңдау: Алматы маңында өткен Race Nation жарысына 1800 адам қатысты
