Бүгін, 28 қаңтарда Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы(ҚҚС) мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл шара тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне, сондай-ақ инфляцияның күшеюіне әсер етеді деп күтілуде.
Министрдің айтуынша, НДС мөлшерлемесінің артуы кәсіпорындарға шамамен 4% жүктеме әкелсе, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі. Бұл инфляцияның 4,5%-ға дейін өсуіне ықпал етуі мүмкін.
«НДС мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін көтеру талқылануда. Бұл міндетті түрде бағаларға әсер етеді. Дегенмен, біз бұл өсімді қысқа мерзімді деп бағалаймыз және оны әлеуметтік қолдау шаралары арқылы теңестіруді жоспарлап отырмыз», – деді Серік Жұманғарин.
Тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етпеуі үшін үкімет қосымша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр:
- Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы мөлшерін индексациялау;
- Адрестік әлеуметтік көмекті ұлғайту.
- Еңбекақы төлеу қорына түсетін салықтық жүктемені 10%-ға қысқарту;
- Әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау.
Ұқсас жаңалықтар