Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған заң екі ел арасындағы өнеркәсіптік әріптестікті дамытуға бағытталған. Құжаттың толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
"Тоқаевтың сыйлығы". Желіде Франция президентінің қазақтың ұлттық тазыларымен түскен суреті жарияланды
Путиннің шақыртуымен Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 6 елдің басшысы барды. Арасында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар
