Қазақстанда Жошы хан мен Алтын Орданың қалыптасуына арналған The Golden Empire сериалының түсірілімі толық аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жоба Karga Seven Pictures (АҚШ–Түркия) компаниясы мен «Дара» қорының қолдауымен жүзеге асты.
Түсірілім 2025 жылдың 14 ақпанында басталған. Барлық кадрлар Қазақстан аумағындағы «Қазақфильм», Тамғалы Тас, Көшпенділер қаласы және тау шатқалдарында түсірілген. Цифрлық фон қолданылмаған.
Жобаға 700-ге жуық маман, соның ішінде 70% қазақстандықтар қатысқан. Кастингке әлем бойынша 4000 актер өтініш берген. Қазақ актерлері кәсіби шеберлігімен танылып, басты рөлдерге түсті.
Ұқсас жаңалықтар