«Астана–Павлодар» автожолының 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізілуде.
Өңірлік жедел жәрдем стансасының дерегінше, төрт адам зардап шеккен: олардың арасында 2009 жылы туған қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар бар. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар