Иран мен Израиль қақтығысы. Бірнеше ел әуе кеңістігін жапты

1345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/foto-pinterest.jpg
15 маусымда Иран Израильге екі мәрте зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Тегерандағы әскери, ядролық және энергетикалық нысандарға ауқымды соққылар жасағанын хабарлады. Әскерилердің айтуынша, шабуыл нысандары қатарында Иран Қорғаныс министрлігінің штабы мен ядролық қару жасауға қатысы бар SPND жобасының бас кеңсесі болған. BBC мәліметінше, Тегерандағы мұнай базасы мен Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауыты да шабуыл нысанына айналған. Ираннан тараған видеоларда Тегеранның солтүстік-батысында орналасқан база өртенді. Аймақтағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Иордания, Сирия және Ирак өздерінің әуе кеңістіктерін жауып тастады. АҚШ билігі де жағдайға алаңдаушылық білдіріп, азаматтарын Иранды шұғыл түрде тастап кетуге шақырды. "АҚШ Иранда ешқандай дипломатиялық өкілдікке ие емес", – делінген Тегерандағы Виртуалды елшілік сайтында жарияланған хабарламада. Израильдің ұлттық медициналық қызметі "Маген Давид Адом" хабарлағандай, шабуыл салдарынан кемінде сегіз адам қаза тауып, шамамен 200 адам жараланған.
Пікірлер