Іріктеу турнирі: Зәкір Сафиуллин қытайлық Жүн Шанды жеңді

5306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/txuiggljyu.jpg
Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды adyrna.kz. Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияға үш боксшымыз дайындалған болатын. 63 келі салмақ бойынша жарыс күнін бірінші болып бастаған жерлесіміз  Зәкір Сафиуллин қытайлық Жүн Шанмен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп 4:1. Ендігі кезекте 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонмен қолғап түйістіреді. 21:00-де басталатын кешкі сессияда 75 келідегі Әбілхан Аманқұл Оңтүстік Корея боксшысы Ким Жинжиямен кездеседі.

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер