Америкада бір күнде 2494 адам қаза болды

3741
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/755860496115092_835x0_2be.jpeg

Америкада соңғы бір күнде 2494 адам коронавирустан көз жұмды, бұл күн сайынғы адам шығыны бойынша рекордтық көрсеткішке жетті.

Джонс Хопкинс уиверситетінің мәліметінше, АҚЩ-та осы індеттен қайтыс болғандар саны 30 826-ға дейін өсіп, өлім барлық штатта тіркелген. Сондай-ақ АҚШ аумағында инфекция жұқтырғандар саны 637 716 адамға жеткен. Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп елде инфекция таралуының жоғары шегіне жеткенін мәлімдеген еді. Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо өңірде коронавирустан өлгендер саны төмендегенін айтты. Соңғы мәліметтер бойынаша әлемде коронавиурс жұқтырғандар саны– 2 084 940  адамға жеткен,  көз жұмғандар 138 412,  сондай-ақ 508 268 адам жазылып шыққан.
Пікірлер