Ханзада Филипптің өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Марқұм Эдинбург герцогының туыстарына берілген өлім туралы ресми куәлікте ханзаданың «қартайып» қайтыс болғаны жазылған.
Dailymail-дің хабарлауынша, құжатта өлімге әкеп соқтыратын немесе оны жеделдететін ешқандай ауру немесе жарақат көрсетілмеген.
Сертификатқа корольдік отбасының бас дәрігері Хью Томас қол қойды.
«Қартайып қайтыс болды» сөзін қайтыс болған адамның жасы 80-нен асқан жағдайда қабылдауға болады, ал емдеуші дәрігер оның күйін ұзақ уақыт бақылап, оның біртіндеп нашарлағанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде Филипп ханзаданың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 99 жаста еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Әке сенің әр бір сөзің – ұлт үні: Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына тура бір жыл өтті
