Жамбыл облысы, Байзақ ауылында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар:
- 1-ші МӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері.
Айта кетейік, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөліміндегі қоймалардың бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Президент Әлихан Смайылов, Юрий Ильин және Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады
