Павлодарда 6 қазанда сағат 14:15-те Элгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында КамАЗ өрт сөндіру машинасы ПАЗ-32053-70 мектеп автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Аймақтық полиция департаменті мектеп автобусы соққының салдарынан тоқтап тұрған Volkswagen көлігін қағып кеткенін түсіндірді.
View this post on Instagram
"Жол -көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді. Тексерілуде. Сараптама тағайындалды", дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Велосипедші машинама әдейі келіп соғылды». Динара Егеубаеваның сөзін желі қолданушылары жоққа шығарды
