Тыныш өмір сүргің келе ме? Өсіп-өңгің келе ме? Онда өндіріске жолама! Бұл пікірді заңгер Абзал Құспан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Бейсенбаевтың ісін алып қарайықшы. Қызылорда облысында американдық компаниялармен бірігіп, әйнек зауытын салып жатты. Міне, бітіп, 90%-ы қалды деп жатқан кезде антикор қылмыстық іс қозғайды. Бүкіл жұмысты тоқтатып тастайды, іс құжаттарын татып алады. Сосын қылмыстық іс сотқа дейін жетеді. Ел-жұрт оның детальдарын білмейді. Өйткені, сотта не болып жатқаны ешкімге қызық емес. Журналистер де дұрыс ақпарат таратпайды. Бір-екі сайт ақпарат таратса, мынау министрді ақтайын деп жатыр деп сенімсіздік білдіреді. Мен де министрді қорғағам жоқ. Бірақ ондаған азаматтар іске тартылды, соның ішінде құрылысшылардың мүддесін қорғады.
Бірақ ана жерде отырып анық көзім жетті. Ол американдық компанияның өзінің тарапынан түсінбейміз деп айтылды. Жақсы іс болды, жақсы сыбайлас жемқорлық болсын дейік, жақсы бірнеше ай іс болды, жақсы тергеу жүргізілді. Бірақ неге біздің жұмысты тоқтатасыздар? Бұл Қазақстанға тиімсіз ғой”,деп айтты. Ашық текстпен айтты. Оны Бейсенбаев та айтып жатыр: Мұның саяси астары бар, Ресей тарапынан жасалып жатқан қысым деп.
Осындай істерді көп көрдім. Кеңес алатын кәсіпкерлерге айтамын: Тыныш өмір сүргің келе ме? Өсіп-өңгің келе ме? Онда өндіріске жолама! Алып-сатумен жүре бер. Мемлекеттен ақша алып, құрылысыңды жүргізе бер. Бірақ өндіріске жақындадың болды, Ресейден әртүрлі жолмен қысым ұйымдастырады”, деді Абзал Құспан.
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз