AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысы – Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізді.
Кездесу барысында Асхат Оралов Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын AMANAT партиясының мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеде биыл қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешкен Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмылып, радикализм мен экстремизмді қолдамай, прогресс пен игі өзгерістер жалғасын табуын қалағаны айтылды. «Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті сәт. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды», - деді Атқарушы хатшы.AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдап, мәлімдеме жасады
16.03.2022
1922
Комментарии