Қарағанды облысында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды

2957
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/8b928835-a608-465d-88da-c05fd9307e8d.jpeg
Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды. Тағы 150-ге жуық ірі қараны мамандар бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
«Ауру симптомдары «қарасан» дертіне ұқсайды. Ол жас малда жиі кездеседі. Қажетті анализдер алынып, сараптамаға жіберілді. Бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. Бірақ, облыста вакцина тапшылығы бар. Қазір өңір тек 30 процентке қамтылған, - дейді мамандар.
Комментарии
Другие материалы