80 жыл бұрынғы ақырзаман. Әлемде атом бомбасы алғаш жарылған күн

2452
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ruI6FZA8i557mzodO2IC5w05QNYzNJtmlmfCGjdG.jpg

Бүгін - бүкіләлемдік ядролық қаруға тыйым салу күні.

1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласын америкалық ұшақтар бомбалады. Адамзат тарихында алғаш рет атом бомбасы осылайша қолданылды. Таңертеңгі сағат 8:15–те америкалық B-29 Enola Gay ұшағынан Хиросимаға «Бала» кодты атом бомбасы тасталды. 600 метр биіктікте болған жарылыс салдарынан қаланың көп бөлігі қирап, 140 мыңнан астам тұрғын қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті.

1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың бөлігі қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды. 

Дәл осы күні сағат 8-ден 15 минут өткенде жапондық Хиросима қаласында бір минут үнсіздік жарияланады. Қолдарын кеуделеріне қойып, бастарын төмен түсірген жас пен кәрі, ана мен бала, ұстаздар мен шенеуніктер 1945 жылдың жан түршігерлік күнін еске алады.

1949 жылдың 29 тамызында Қазақ жерінде, Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ жүргізілген еді. 

Сынақ алаңы 18 млн га жерді алып жатты. Аймақта барлығы 456 жарылыс жасалды, оның 116-сы жер үстінде және әуеда өтті. Бұл 1949-1962 жылдары болған жарылыстар еді. Екінші кезеңде - 1963-1989 жылдары жарылыстар жер астына ауысты.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп. 

Кейін, 1991 жылдың 28 тамызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Осылайша Қазақ елі атом бомбасынан бір жола бас тартқан болатын. Президенттің осы әрекетінен кейін Ресей мен АҚШ-тағы және Франциядағы ядролық сынақ алаңдарында да жарылыстар тоқтатылды.

Комментарии
Другие материалы