Назарбаев қорына тиесілі көліктер жол ережесін жиі бұзған - БАҚ

1673
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lIUgrGR6jh9Z0tSqyVQ91OxL2zQYZN3PZyAGrEks.webp

Журналист Илья Астахов «Бастау» қорының қымбат көліктері жиі жол ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Exclusive.kz-ке сілтеп.

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, ордың жалғыз құрылтайшысы – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астаховтың айтуынша, қордың нақты немен айналысатыны белгісіз, алайда оның балансында жалпы құны шамамен 800 млн теңге тұратын люкс автокөліктер бар. Сондай-ақ, қор көліктеріне 45 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы тіркелген. Оның 44-і – жол қозғалысы ережесін бұзу екені белгілі болды.

Қор автопаркіне Chevrolet Tahoe, Nissan Patrol, Mercedes-Benz S450 4MATIC, Lexus LX 570, Cadillac Escalade, Tesla Model X, үш Toyota Land Cruiser Prado және бір Land Cruiser 250, Audi A6, KIA Optima, Toyota Camry және BYD Song Plus кіреді.

Тіркелген заңбұзушылықтар қатарында жылдамдықты асыру, автобустарға арналған жолаққа шығу, қызыл жарықтан өту және ақылы тұрақ ақысын төлемеу бар. Ең көп ереже бұзған көлік ретінде ақ түсті Toyota Land Cruiser Prado тіркелген. Аталмыш көлікке тоғыз хаттама рәсімделгені анықталды.

Ал Chevrolet Tahoe көлігі жиі президенттік резиденция маңында, Астана-Қарағанды трассасында байқалған.

Астаховтың дерегінше, заңбұзушылықтардың көпшілігі Назарбаевтың елордада болған уақыттарымен сәйкес келеді. Негізгі бөлігі 2024 жылғы қазан–қараша және 2025 жылғы маусым–шілде айларына тиесілі. Бұл кезеңдерде экс-президент Астанаға АЭС құрылысы жөніндегі референдумға және мешітке сапары кезінде келген.

Комментарии
Другие материалы